Офлайн семинар «Математика және оның жалпы өмірдегі маңызы»
27 ноябрь / Вторник
10:00 –17:00
Д. Қонаев атындағы орта мектеп
Құрметті әріптестер! Бүгінгі семинарға қош келдіңіздер! Семинардың бағдарламасын назарға ұсынамыз.
"Сапалы білім беру бәсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы ілім, ғылымның жемісі екендігі сөзсіз. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың білімді, еңбекқор әрі отаншыл болуына байланысты"
Қасым-Жомарт Тоқаев
Математика және оның жалпы өмірдегі маңызы
Құрметті әріптестер, Бүгін біз математика пәнінің білім беру саласындағы маңызы мен оны оқыту әдіс-тәсілдерін талқылау үшін жиналдық. Математика – тек ғылымның негізгі құралы ғана емес, өмірдің барлық саласына ықпал ететін, ойлау қабілетін дамытуда маңызды рөл атқаратын пән. Ол логикалық ойлауды, анализ бен синтезді, дәлелдеу мен қорытынды жасау дағдыларын қалыптастырады.
Бүгінгі семинар туралы
Семинардың тақырыбы:
Мектептің білім беру процессінде бағалаудың критериалдық жүйесін енгізу
Семинардың мақсаты:
Мектептің білім беру процесінде бағалаудың критериалдық жүйесін енгізуге қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Семинарға қатысушы мұғалімдер білім беру процесінде критериалды бағалау жүйесін оқушылардың білім дағдыларын анықтап, математbка сабағында қолданудың тиімділігін анықтайды.
Зүбайділдә Нұрсұлтан Ерғазыұлы «Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері» есептер шығару
14:30 – 17:00
Сабатарова Гаухар Каныбековна «Геометриялық прогрессияның n – шi мүшесінің формуласына» есептер шығару
Өткізілетін сабақтарға қысқаша шолу
Зүбайділдә Нұрсұлтан Ерғазыұлы
Мәтінді есептерді шешу 6 сынып
«Мәтінді есептерді шешу» дегеніміз — нақты өмір жағдайларына негізделген математикалық есептерді шешу процесі. Бұл есептер көбінесе мәтін түрінде беріледі, онда әр түрлі мәліметтер мен шарттар беріледі, және соларды қолдана отырып, математикалық операцияларды орындау қажет.
Сабатарова Гаухар Каныбековна
Нейрожелілерді пайдаланып, қалыптастырушы тапсырмаларды орындау Коучинг
Бұл оқушының немесе жүйенің қабілеттерін дамытуға бағытталған, яғни нақты дағдыларды немесе білімдерді үйрететін тапсырмалар болып табылады. Бұл тапсырмалар нейрожелілерді оқыту және практикалық қолдану барысында жақсы нәтижелер береді.
Базарбаева Арайлым Талғатқызы
Решение тригонометрических неравенств 10 сынып
Решение тригонометрических неравенств включает в себя несколько этапов и требует знаний свойств тригонометрических функций и подходов к их решению. Рассмотрим общий подход к решению тригонометрических неравенств.